Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Баландин өзіне берілген көлікті әкесіне сыйлайды

29 Тамыз 2016, 17:05
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин бүгін Алматыда алған Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін әкесіне сыйлайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің Subaru Forester автокөлігім бар, ал мына көлікті мен әкеме сыйлаймын деп жоспарлап отырмын. Пәтерде, әрине, өзім тұрамын", - деді Баландин. Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, жүзуші алдағы уақыттарда  үйленбейтінін айтты. 250 мың доллар сыйақыны не істейтіні жөнінде әлі шешпеген. 

Сондай-ақ, ол өзінің Токиодағы келесі Олимпиада ойындарына қатысатыны жөнінде тоқталды. "Әрине, дайындаламыз. Жақындағанда көрерміз не боларын, қатысу-қатыспауым әлі белгісіз, алайда мен оған дайындық жұмыстарын тоқтатпаймын", - дейді Баландин. 

Еске салайық, Алматы әкімі Бауыржан Байбек Олимпиада чемпиондарына пәтердің кілті мен жол талғамайтын көліктің кілтін табыс еткен болатын. Дмитрий Баландин Алмалы ауданында үш бөлмелі пәтердің кілтін және Toyota Land Cruiser 200 көлігінің кілтін алды. Қола жүлдегер Дариға Шәкімоваға Медеу ауданынан бір бөлмелі пәтер мен Land Cruiser Prado көлігінің кілтін алды. 

"Спортшыларды қолдап, биік шыңға шығуға бар көмегін салған Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Өзіміздің әкімдікке де үлкен рақмет. Мен өте бақыттымын", - деп бөлісті Баландин.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай