Алматыда Дмитрий Баландин мен Дариға Шәкімоваға көлік пен пәтер берілді

29 Тамыз 2016, 15:28
1
Алматыда Дмитрий Баландин мен Дариға Шәкімоваға көлік пен пәтер берілді - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
Алматыда Дмитрий Баландин мен Дариға Шәкімоваға көлік пен пәтер берілді - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімоваға пәтер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, қала әкімі Бауыржан Байбек спортшылармен болған кездесуде Дмитрий Баландинге Land Cruiser 200 көлігінің, ал Дариға Шәкімоваға Land Cruiser Prado көлігінің кілтін табыстады. Айта кетейік, Олимпиада жүлдегерлері әкіммен болған кездесуден жаңа көліктерімен кетті.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, Риодағы Олимпиада ойындарында Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуден Олимпиада чемпионы атанды. Ол 200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде финалған шыққан еді. Сондай-ақ, Баландин Риодағы Олимпиадада өнер көрсеткен қазақстандық үздік спортшы деп танылды. 

Ал Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасында ел қоржынына 17-ші медалді салды. Әйелдер арасында бокстан 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы жартылай финал кездесуінде АҚШ спортшысы Кларесса Шилдспен кездесті. Осылайша, Дариға Шәкімова Қазақстан құрамасына 17-ші медальді салып берді. 

Айта кетейік, Рио Олимпиадасына Қазақстанның атынан 26 спорттың түрінен 104 спортшы қатысты. Өткен Ойындар Еліміз үшін күміс медальдар бойынша және жалпы медальдар саны бойынша өзіндік рекорд орнатты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай