Балуан Дәулет Ниязбеков үш дүркін әлем чемпионына жол берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балуан Дәулет Ниязбеков үш дүркін әлем чемпионына жол берді Фото: Жеңіс Ысқабай / Olympic.kz

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңіліп қалды. 

Бұған дейін қазақстандық балуан 1/8 финалда кубалық Энрике Вальдесті сенімді жеңген болатын. 

32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети