Бапкері ұрған қыз бала гимнастикадан қала біріншілігінде жүлделі орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бапкері ұрған қыз бала гимнастикадан қала біріншілігінде жүлделі орын алды Интернеттегі видеоның кадры.

Атышулы бейнежазбада бапкерінен ұрыс естіп, таяқ жеген қыз бала гимнастика бойынша қала біріншілігінде жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан көркем гимнастика федерациясының өкілдері хабарлады. "Қаланың ашық біріншілігі" атты жарыс 9-10 қазан күндері өтті.

Федерация өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы оның аты-жөнін жария еткісі келмейді және бапкерге ешқандай кінә артпайды. Қазір істі Алматы прокуратурасы қарап жатыр. Бапкер спорт мектебінде жұмыстан шеттетілді.

Еске сала кетейік, Интернетте көркем гимнастикадан кішкентай қыздар тобының спорт жаттығуы түсірілген видео пайда болған еді. Кадрден бапкер әйелдің кішкентай қызға қатты зекігені және оны басынан, мойны мен арқасынан бірнеше рет ұрғаны көрініп тұр. Видеода оқиғаның Алматыдағы Жарылғапов атындағы спорт кешенінде болғаны жазылған. 

Видео авторының айтуынша, бапкер осындай әдіспен "чемпиондарды тәрбиелейді және ата-аналар оны біледі". Алматы қалалық ішкі істер департаменті бейнежазбаны тексеріп, тиісті шара қолданатынын хабарлады. Қазақстан көркем гимнастика федерациясы спорт мектебінде тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. Видеодағы қыз бала бапкер әйелдің туысы болып шықты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети