09 қазан 2014 15:28

Гимнастика бапкері баланы ұрғаны үшін жұмыстан шеттетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернеттегі видеоның кадры. Интернеттегі видеоның кадры.

Алматыда баланы ұрған гимнастика бапкері жұмыстан шеттетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан көркем гимнастика федерациясының вице-президенті Мәдина Бектұрғановаға сілтеме жасап.


Алматыда баланы ұрған гимнастика бапкері жұмыстан шеттетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан көркем гимнастика федерациясының вице-президенті Мәдина Бектұрғановаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір спорт мектебінде бұл оқиға тексеріліп жатыр. "Бұл жаттықтырушыға белгілі бір уақытқа балалармен жұмыс істеуден шеттетуге дейін қатаң сөгіс жарияланады. Кейін біз түсініктеме сұраған кезде бізге бұл видеоны дәрістерге қатысы жоқ адам түсірді деді. Бейнежазбадан оның балаға ұрысқанын көруге болады. Әрине, бұл - педагогикаға жат. Оны бәрі түсінеді. Олар да мұны түсініп отыр - ешкім өз кінәсін теріске шығарып жатқан жоқ", - деді Бектұрғанова.

Ол бұл іске қатысты жаңа мәліметтерді жария етті. Видеодағы кішкентай қыз бала жаттықтырушының туысқаны болып шықты. "Өте келеңсіз жағдай. Бұл жаттықтырушы қазір декреттік демалыста - оған өтініш жасалғаннан кейін бапкер балаларды жеке жаттықтыруға жұмысқа шықты. Қыз баланың ата-анасымен байланысқа шықтық, олар жаттықтырушыға ешқандай кінә артып отырған жоқ. Баланың жарақаттары түсірілмеген, ешкім арыз жазбаған. Бірақ біз бапкерді жаттықтырушылар кеңесіне шақыртып, түсініктеме алдық. Мектеп директоры болған оқиғаға байланысты қынжылыс білдіреді", - деді федерацияның вице-президенті. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Интернетте көркем гимнастикадан кішкентай қыздар тобының жаттығуы түсірілген видео пайда болған еді. Кадрден бапкер әйелдің кішкентай қызға қатты зекіп жатқаны және оны басынан, мойны мен арқа тұсынан бірнеше рет ұрғаны көрініп тұр. Видеоның сипаттамасында оқиға Алматыдағы Жарылғапов атындағы спорт кешенінде болды деп жазылған.

Видео авторының айтуынша, бапкер "осындай әдіспен чемпиондарды тәрбиелеймін, ата-аналар біледі" деп отыр. Жарылғапов атындағы спорт кешенінің басшылары бұл жаттығуларға қатысымыз жоқ, біз спорт залын жалға бергенбіз деп мәлімдеді. Ал Алматы қалалық ІІД бейнежазбаны тексеріп, тиісті шара қолданатынын хабарлады. Айта кетейік, баланы ұрып-соққан бапкер түсірілген видео Интернетте қызу талқыланып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети