- Негізгі бет /
- Спорт /
- Спорт /
"Барыс" ҚХЛ дивизионында көш бастады
10 Қазан, 09:34Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының чемпионатында уфалық "Салават Юлаев" клубын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Уфі қаласында өтті. Ойын 2:1 есебімен Андрей Скабелканың пайдасына шешілді. "Барыс" ойынның 12-ші минутында алға шықты, команда капитаны Даррен Диц қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Алаң иелері 35-ші минутта жауап қайтарды.
Үшінші кезеңде (45-ші миунтта) "Барыс" сапындағы Кертис Волк қазақстандық командаға жеңіс алып келді.
Осылайша, "Барыс қатарынан үш ойынды жеңіп, 14 кездесудің нәтижесінде 20 ұпаймен Чернышев дивизионында көш бастады. Олар 19 ұпай жинаған Омск қаласының "Авангард" командасын басып озды.
Тегтер:
"Спорт" айдарындағы басқа жаңалықтар :
Жаңөзендік боксшыға әлем біріншілігіндегі сенсациядан кейін көлік кілтін табыстады
Алматыда жағажай волейболынан студенттік лига ойындары аяқталды
Арман Шораев қазақ күресі федерациясы президенті қызметінен кетті
Элизабет Тұрсынбаева халықаралық турнирде екінші орын алды
"Бұл маған үлкен сый болар еді". Головкин МакГрегормен айқас туралы айтты
Пікір қалдырыңыз