20 қаңтар 2014 13:59

"Барыс" "Медвешчак" командасынан тағы да жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" - "Медвешчак". Сурет "Барыс" ХК баспасөз қызметінен "Барыс" - "Медвешчак". Сурет "Барыс" ХК баспасөз қызметінен

Елорданың "Барыс" хоккей клубы өз айдынында Загребтің "Медвешчак" командасын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.. Бұл Құрлықтық хоккей лигасының аясындағы ойын болатын. Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Есеп үзілістен кейін ашылды. Ойынның 29-минутында "Медвешчак" ойыншысы Шарль Лингленің бағыттаған шайбасы қақпашымыз Ари Ахоненнен серпіліп, қонақтар алға шықты. Бірақ екінші кезеңнің аяқталуына 5 минут қалғанда Роман Старченко соққан шайбаның арқасында есепті теңестіріп кеткенбіз Үшінші кезеңде Мэтт Эллисон қонақтарды қайта алға шығарса, Лингле дубльдің авторы атанып, есепті 1:3-ке жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде де "Барыс" "Медвешчак" командасынан жеңіліп қалған болатын. Ол кезде есеп - 2:3 есебімен аяқталған. Осы ойыннан кейін «Барыс» 88 ұпаймен "Шығыс" аймағында екінші орында қалды. Ал Құрлықтық біріншілікте 5-орында. Загрекбтің "Медвешчак" командасы болса, "Батыс" конференциясында 7-ші орынға шықты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети