08 сәуір 2022 13:57

"Бетіме айтсын". Рахмонов Чимаевтың балағат сөздеріне жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com, @khamzat_chimaev, shavkatrakhmonov94 Фото:instagram.com, @khamzat_chimaev, shavkatrakhmonov94

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы Хамзат Чимаевтың балағат сөздеріне жауап берді. Ресейлік журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында "Номад" Чимаев өз сөзі үшін жауап беруге мәжбүр болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Хамзат әлеуметтік желідегі жазбалардың біріне Шавкатты балағаттап пікір қалдырған. Алайда ол бірден өз жазбасын өшіріп тастаған.

Шавкат Рахмонов осы жағдайға қатысты өз пікірін айтты.

"Көрген кезде бетіме айтсын. Кездескен кезде сөйлесеміз. Неге жазғанын түсіндірсін. Оған жаман қарамаймын, біз жай ғана қарсыласпыз. Мен оны, оның отбасын немесе халықты қорламаймын. Уақыт көрсетеді, жұдырықтасамыз, содан кейін кім мықты екені белгілі болады", - деді қазақстандық файтер сұхбатта.

Сондай-ақ, ол жалпы сабырлы адам екенін, бірақ ашуланса өз агрессиясын сегізбұрышта көрсететінін айтты. Оның айтуынша, Чимаевпен кездессе, сөзіне жауап беруді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети