Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бейбіт Назаров Kunlun Fight тұжырымы бойынша әлем чемпионы болды

05 Сәуір 2015, 01:38
3
©Instagram/ztb_kz
©Instagram/ztb_kz
©Vesti.kz
©Vesti.kz

Қазақстандық Бейбіт Назаров Kunlun Fight турнирінің титулға талас жекпе-жегінде Бразилия спортшысы Бруно Аморимді жеңіп, Қытай промоушенінің тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен турнирдің қорытынды кездесуінде Назаров пен Аморим жекпе-жегі тартысты болды. Екі жұдырықтасушы да сәт сайын басымдық көрсетіп отырды. Қазақстандық үшінші раундта рұқсат етілмеген соққы жасап, ескерту алып қалды. Үш раунд біткеннен кейін қазылар алқасы нәтижені ұзақ уақыт бойы талқылады. Қорытындысында төрешілер екі спортшыға қосымша раунд беріп, оның нәтижесінде Назаров жеңіске жетті. Аморим қазылар алқасының бұл шешімімен келіспей, марапаттау сәтін күтпей жатып, октагоннан кетіп қалды. 

Турнирдегі өзге де жұптардың қорытындысын мына жерден оқи аласыздар. Еске салайық, Kunlun Fight лигасы Қытайдағы ең танымал турнилердің бірі. Бұл промоушеннің турнирін Қытай, Еуропа және Австралия тұрғындары көреді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай