16 ақпан 2022 14:49

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын кім қорғайды?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.


2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

XIII қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді. Оған әлемнің 50 елінен 700-ден аса спортшы қатысады. Ұлттық құрамада бес спортшы бар: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Қазақстанның паралимпиадашылары екі спорт түрінен өнер көрсетеді: шаңғы жарысы және парабиатлон.

Александр Герлиц. Сурет: Ұлттық паралимпиада комитеті

Денис Петренко. Сурет: Ұлттық паралимпиада комитеті 

"Биыл COVID-19 жағдайы қысқы Паралимпиадаға спортшылардың толық деңгейде қатысуына кедергі келтірді. Лицензия алуға дайындық кезінде кейбір спортшы біліктілік раундтарынан өте алмады. Бастапқыда көп спортшы барады деп жоспарланған болатын. Бірақ қазір құрама толық құрамда бара жатқан жоқ. Біздің паралимпиадашылар қысқы ойындарға үлкен жұмыс жасады. Паралимпиадаға қатысудың өзі - үлкен жетістік. Олардың жеңіске деген ұмтылысы және өздеріне деген берік сенімі бар", - деді Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.

Сергей Усольцев. Сурет: Ұлттық паралимпиада комитеті 

Юрий Березин. Сурет: Ұлттық паралимпиада комитеті 

Ойындардың ашылу салтанаты 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де өтеді. Шаңғы жарысы бойынша әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов Қазақстан Паралимпиада құрамасының туын ұстап шығады.

Ербол Хамитов. Сурет: Ұлттық паралимпиада комитеті 

"Қазір шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында, оларға Паралимпиада алдында оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Бәрі карантин режиміне сай өтеді. Коронавирусты таратпау бойынша барлық сақтық шарасы қарастырылды. Қысқы ойындарға қауіпсіз жағдайда қатысу және спортшыларымыздың денсаулығы - басты нәрсе. Спортшылардың жағдайы жақсы", - деді шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының бас бапкері Василий Коломиец.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети