10 шілде 2023 09:19

Бокстан Азия чемпионатының қазақстандық жүлдегерлері допингке байланысты жарыстардан шеттетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Қазақстандық боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік допингке байланысты үш жылға жарыстардан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшылар Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік допингке байланысты үш жылға жарыстардан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшылардың есімдері Қазақстанның допингке қарсы ұлттық комитеті сайтында дисквалификацияланғандар тізімінде көрсетілген.

Төлтаевтың денесінен тыйым салынған оралтуринабол препараты, ал Серікте метастерон табылғаны хабарланды. Төлтаев 2023 жылдың 31 наурызынан 2026 жылдың 31 наурызына дейін, Серік 2023 жылдың 7 сәуірінен 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін шеттетілген.

Саматәлі Төлтаев – бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ол 60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. Сәуірде ол ұлттық құрамадан шығып, 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатына бармады.

Абзал Серік 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, 2023 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының 67 келіге дейінгі салмақтағы финалисі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети