08 желтоқсан 2020 18:13

Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түрі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео:elements.envato.com

Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түрі атанды, енді 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғашқы медальдар сарапқа салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап.


Брейк-данс ресми түрде олимпиадалық спорт түрі атанды, енді 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғашқы медальдар сарапқа салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unilad басылымына сілтеме жасап.

Көше жарысының Олимпиада бағдарламасына енгізілуі жас аудиторияны қызықтырады деген болжам айтылды.

Брейк-дансты жарыс түрі ретінде Париж ұйымдастырушылары екі жыл бұрын ұсынған болатын. 2018 жылы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында алғаш рет брейк-данстан жарыс өткен. 

2019 жылы жарыстың бұл түрі Халықаралық олимпиада комитеті кеңесінің толық мүшелікке қабылдау туралы жеке шешімдері негізінде бірнеше бекіту кезеңінен өтті.

"Бұл брейкинг үшін жақсы жаңалық, өйткені бұл спорт түрі ретінде танылады. Бұл Олимпиадаға дәстүрлі спорт түрлерімен айналыспайтын жастарды тартады", - деді ұлыбританиялық брейк-дансер Карам Сингх.

Брейк-данспен қатар, Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына скейтбординг, спорттық альпинизм және серфингті енгізді.

Бұл үш спорт түрі бойынша жарыстар коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасында алғаш рет өтеді. Еске салайық, Токиодағы ойындар келесі жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети