26 маусым 2019 10:40

Брейк-данс, скейтбординг, серфинг - Олимпиадаға енген ойындар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Брейк-данс, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына уақытша енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Брейк-данс, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына уақытша енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұндай шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясында қабылданды деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті ХОК-қа қосымша спорт түрлерін ұсынатын екінші ұйым.

"Париж ұсынған спорттың төрт түрі де 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күн тәртібіне сай келеді. Бұл бағдарламаның гендерлік талап бойынша теңестіріліп, заманауи сипат алуына септігін тигізеді. Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасы жас буынмен тілдесуге мүмкіндік береді. Ұсынылған спорт түрлері талапқа сай келеді және 2024 жылғы Париждегі ойындардың жалпы динамикалық концепциясын жақсартады", - деді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кетелік, 2018 жылы өткен жасөспірімдер Олимпиадасында тұңғыш рет спорттық құзға өрмелеу мен брейк-данстан жүлде таратылған болатын. Ал скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бағдарламасына енген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети