Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол серпе көтеруде 134 келіні көтеріп, қорытынды бойынша, жалпы есепте 232 келі салмақты еңсерді.

Нәтижесінде ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Чиншанло бірінші орын алды. Екінші орынға Қытай Тайпейінен келген Сюй Шуцзин көтерілді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Айта кетейік, әлем біріншілігінің үшінші жарыс күні жалғасып жатыр. Қазақстандық Арли Чонтей 56 келіге дейінгі категорияда алтыншы орын алды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі категорияда Маргарита Елисеева жүлделі орынға іліне алмады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни жарыстың бірінші күндеріне қорытынды жасап, жас спортшы қызды кінәламауға шақырды.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8 қарашада басталған еді. Қазақстанның атынан 15 спортшы қатысып жатыр, оның ішінде Чиншанломен бірге екі бірдей Олимпиада чемпионы бар - Илья Ильин және Майя Манеза. Ауыр атлет Светлана Подобедова әлем біріншілігіне қатыса алмады.