Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордты жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чиншанло ауыр атлетикадан әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордты жаңартты Зүлфия Чиншанло. almaty2014iwf.com

Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол серпе көтеруде 134 келіні көтеріп, қорытынды бойынша, жалпы есепте 232 келі салмақты еңсерді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында дүниежүзілік рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол серпе көтеруде 134 келіні көтеріп, қорытынды бойынша, жалпы есепте 232 келі салмақты еңсерді.

Нәтижесінде ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Чиншанло бірінші орын алды. Екінші орынға Қытай Тайпейінен келген Сюй Шуцзин көтерілді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  

Айта кетейік, әлем біріншілігінің үшінші жарыс күні жалғасып жатыр. Қазақстандық Арли Чонтей 56 келіге дейінгі категорияда алтыншы орын алды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі категорияда Маргарита Елисеева жүлделі орынға іліне алмады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни жарыстың бірінші күндеріне қорытынды жасап, жас спортшы қызды кінәламауға шақырды.

Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8 қарашада басталған еді. Қазақстанның атынан 15 спортшы қатысып жатыр, оның ішінде Чиншанломен бірге екі бірдей Олимпиада чемпионы бар - Илья Ильин және Майя Манеза. Ауыр атлет Светлана Подобедова әлем біріншілігіне қатыса алмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети