23 қараша 2021 09:39

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін "жынды" мексикалықпен жұдырықтасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды. Олимпиада чемпионының қарсыласы мексикалық Данте Хардон екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды. Олимпиада чемпионының қарсыласы мексикалық Данте Хардон екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жынды" лақап атымен танымал 33 жастағы Хардон үшін бұл оның 2021 жылғы үшінші жекпе-жегі болмақ. Өткен екі жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңген болатын. Ұлыбританиядағы шоудың басты оқиғасында Данте жергілікті фаворит Энтони Томлинсонды IBO жартылай орта салмақтағы континентаралық чемпионатта жеңіске жету үшін дебют жасады. Аутсайдер тоғызыншы раундта- нокаутқа жіберді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Хардон сонымен қатар мансабында WBC Youth (Жастар арасындағы әлем чемпионы), WBC Continental Americas, WBC International және WBO Latino белбеулерінің иесі. 2013 жылы Жапонияда әлем чемпионы атағы үшін белдескенімен, жеңіл салмақтағы WBC чемпионы Такаши Миурадан жеңіліп қалды.

Хардонның 34 жеңісі бар, оның 25-і нокаутпен және жеті жеңілісі бар. Жартылай орта салмақтағы рейтингте ол 88-орында, ал Данияр Елеусінов 32-орында.

Бокс кеші Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп, "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Билеттер сатылымда бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети