Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді

23 Ақпан 2015, 13:20
0
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Денис Тен. ©Ярослав Радловский
Денис Тен. ©Ярослав Радловский
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Скотт Мойр мен Тесса Вертью. ©rus.err.ee
Скотт Мойр мен Тесса Вертью. ©rus.err.ee
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Ильхан Маншиз.
Ильхан Маншиз.
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Хавьер Вернандес.
Хавьер Вернандес.
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Максим Ставиский мен Албена Денкова.
Максим Ставиский мен Албена Денкова.
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Сергей Воронов.
Сергей Воронов.
Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді - Эндрю Поже.
Эндрю Поже.

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Жапонияның Naver Matome басылымның нұсқасы бойынша әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы рейтингтің оныншы орнына ілікті. 

Әлем чемпионы, мұздағы билер жөнінен Олимпиада чемпионы, канадалық Скотт Мойр тізімнің көшін бастап тұр, ол Тесса Вертьюмен бірге өнер көрсетеді. Екінші орын түркиялық мәнерлеп сырғанаушы Ильхан Маншизге тиген. Үшінші орында - испаниялық Хавьер Фернандес.

Басылымның нұсқасы бойынша төртінші орын Болгарияның атынан әйелі Албена Денковамен бірге өнер көрсеткен спортшы-биші Максим Ставискийге берілген. Одан кейінгі орынды Ресей спортшысы Сергей Воронов иеленіп отыр. Әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына чех Томаш Вернер, француз Филипп Канделоро, ұлыбританиялық Николас Баклэнд пен канадалық Эндрю Поже де енген. 

Рейтингте Денис Тен Илья Авербух, Михал Брежина, Чарли Уайт сияқты танымал мәнерлеп сырғанаушылардан озып тұр. 

Еске салайық, Денис Тен жуырда Сеулде өткен төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанған еді. Сайыста спортшы екі күннің қорытындысы бойынша маусымдағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Наурыздың аяғында ол Қытайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай