30 желтоқсан 2015 17:29

Денис Тен әнұранның дұрыс қойылмауы туралы: Мен Ильин сияқты аңыз емеспін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Астанада өткен баспасөз мәслихатында 2015 жылды қорытындылады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Астанада өткен баспасөз мәслихатында 2015 жылды қорытындылады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Баспасөз мәслихаты кезінде тілшілер спортшыдан Хорватияда өткен турнирдің марапаттау рәсімінде Қазақстан әнұранының дұрыс қойылмауы туралы сұрады.

"Бұл қиын жағдай, әсіресе мансап жолыңдағы ең маңызды жеңістердің бірінде мұндай оқиғаның болуы қиын жағдай. Жеңісті Ресей, АҚШ сияқты алпауыт елдердің спортшыларынан суырып аласың. Соңында осындай келеңсіздік болады. Мен бұл жағдайда өзімді қалай ұстау керегін білген жоқпын. Мен Илья Ильин сияқты спорттағы аңыз емеспін. Өзімді ол сияқты ұстай алмадым. Турнирден соң ұйымдастырушылармен сөйлестік. Мұның елімізде қатты талқыланғанын да естідім. Дегенмен мен турнирлерге жалғыз барамын. Менің мұнымен айналысатын арнайы адамым жоқ. Өздігімнен бәріне үлгеру қиын", - деді мәнерлеп сырғанаушы.

Ол басқа сайыстарда болған осыған ұқсас жағдайлар туралы айта кетті. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети