Денис Тен Хорватияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

05 Желтоқсан 2015, 09:40
0
Денис Тен Хорватияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды - © Sportchosun.com
© Sportchosun.com

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Golden Spin of Zagreb 2015 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Теннің қысқа бағдарламада 94,03 ұпаймен көш бастағаны хабарланған еді. Мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасында да ол 182,36 ұпаймен үздік атанды. Денис екі жаттығу қорытындысы бойынша 276,39 ұпай жинады.

Турнирде екінші орын америкалық Адам Риппонға (237.87) бұйырса, үштікті 223,68 ұпаймен ресейлік Адиан Питкеев қорытындылады. Айта кетейік, Денис Тен бұл турнирде осымен екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай