16 желтоқсан 2016 15:23

Денис Тен жапон аниме-сериалының кейіпкері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жапон аниме-сериалдарының бірінде көрінді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Қазіргі уақытта Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Жапонияда, ол өзін сол жақта теледидардан көріп қалған. 


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жапон аниме-сериалдарының бірінде көрінді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Қазіргі уақытта Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Жапонияда, ол өзін сол жақта теледидардан көріп қалған. 

"Қазақстандықтарды Республикамыздың Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Ал осы уақытта Жапонияда мәнерлеп сырғанаушылар жайлы Yuri On Ice аниме-сериалы өте танымал. Осы мереке күні менің кейіпкерім бар сериал көрсетіліпті", - деп жазды Тен Instagram желісінде.

Yuri On Ice сериалы ("Юри мұз үстінде") 2016 жылдың қазанынан бері TV Asahi, BS Asahi, STS және NCC телеарналарында көрсетіліп келеді. Басты кейіпкері - жас мәнерлеп сырғанаушы Юри Кацуки, ол ресейлік қарсыласы Юрий Плесецкийді жеңу үшін спорттағы және өмірдегі кедергілерден өтеді. Екі кейіпкер де ойдан құрастырылған. 12 сериясы бар бірінші маусымы 22 желтоқсанда аяқталады. 

Yuri On Ice сериалында белгілі спортшылардың прототиптері кейіпкер болған. Мәселен, мұнда Отанбек Алтын қазақстандық. Авторлар оны өмірде көңіл-күйін көрсетуді ұната бермейтін, сабырлы әрі жігерлі жігіт етіп көрсеткен. Бірақ ол бар эмоциясын мұз айдынында көрсетеді. Сценарий бойынша, ол ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алады да, Қазақстанда нағыз қаһарманға айналады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети