Денис Тен "Төрт құрлық турнирінде" ең үздік нәтижемен жеңіп шықты

12 Ақпан 2015, 19:30
0
Денис Тен "Төрт құрлық турнирінде" ең үздік нәтижемен жеңіп шықты - Денис Тен. Фото zimbio.com сайтынан
Денис Тен. Фото zimbio.com сайтынан

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен Сеулде өтіп жатқан "Төрт құрлық турнирінде" қысқа бағдарлама бойынша жеңіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Тен 97,61 балл алып, қысқа бағдарлама бойынша маусымдағы ең үздік нәтижені көрсетті. Бұл сайыста екінші орынды 88,90 балл алған жапониялық Шома Уно иеленді. Үшінші орынға Қытай мәнерлеп сырғанаушысы Хань Янь (87,34 балл) тұрақтады. 

Қазақстанның тағы бір мәнерлеп сырғанаушысы Абзал Рақымғалиев 57,54 ұпаймен 19-орынға ие болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

"Төрт құрлық турниріне" Қазақстанның атынан Тенмен және Рақымғалиевпен бірге Ілияс Әли мен Карина Узурова жұбы да қатысып жатыр. 

Еске салайық, ақпан айының басында Денис Тен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің нұсқасы бойынша 2014 жылдың үздік спортшысы атанған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай