02 маусым 2019 11:00

Дмитрий Баландин АҚШ-та өткен жарыста екінші келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Индианаполис қаласында өткен FINA Champions Swim Series әлемдік турнирінде қазақстандық Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде турнирдің күміс медалін еншіледі. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковқа ғана есе жіберді.

Чупков пен Баландиннің арасын 1.04 секунд қана бөліп тұр. Қола медаль голландиялық Арно Камминганың еншісінде. 

Еске салайық, Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети