16 ақпан 2014 16:19

Дмитрий Кошкин отызыншы орынға тұрақтады

Дмитрий Кошкин. Фото zimbio.com сайтынан алынды

Қазақстандық тау шаңғышы Дмитрий Кошкин Олимпиада ойындарының супергигант бағдарламасының қорытындысы бойынша 30-орынды місе тұтты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Супергигант бағдарламасының жеңімпазы норвегиялық Хьетиль Янсруд атанды. Ал, басқа отандастарымыздан Мартин Хубер 40-орынға, Игорь Закурдаев 44-орынға тұрақтады. Айта кетейік, Игорь Закурдаев алып слалом бағдарламасын 25-ші, ал Мартин Хубер болса 32-ші уақыт көрсеткішімен тәмамдады. Осы кезде спортшылар жылдамдықпен құлдилау жарысынада нүкте қойды. Бұл сында да додаға түскен спортшыларымыз Закурдаев 33-ші орыннан көрінсе, Хубер 42-ші орынға табан тіреді. Бүгінгі таңда жалпы командалық есепте 26-орында тұрған Қазақстан құрамасында бір ғана қола медаль бар. Ол медальды қоржынға мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен салды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram