29 маусым 2016 17:14

Допинг қолданды деп турнирден шеттетілген Нұғымаров "Қазақстан Барысына" қатысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sk-sport.kz © sk-sport.kz

"Қазақстан Барысы-2013" турнирінен шеттетілген Мереке Тұраев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов Астанада өтетін финалға қатыса алатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қазақстан Барысы-2013" турнирінен шеттетілген Мереке Тұраев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов Астанада өтетін финалға қатыса алатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"WADA-дан жақсы жаңалық келді! Нұғымаров, Мамедов, Тұрашев "Қазақстан Барысына" қатысады!!!! - деп жазды өзінің Facebook "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Қазақстан күрес федерациясының президенті Арман Шораев. 

Еске салайық, осыған дейін төрт палуанның допинг қолданғаны үшін "Қазақстан Барысы" турнирінен шеттетілгені туралы хабарланған болатын. Бұл туралы қазақ күресі федерациясының өкілі Тастанбек Есентаев төрт қатысушының мельдоний қолданғаны үшін "Қазақстан Барысы" турнирінен шеттетілгенін мәлімдеді. 

"Біздің спортшылар халықаралық деңгейге шығу үшін WADA тексерісінен өтеді. Өкінішке қарай, "Қазақстан барысы" турнирінің төрт қатысушысы мельдоний қолданған. Олар жарыстардан шеттетілді", - деп хабарлады Тастанбек Есентаев.

Осылайша, Мереке Тұраев, Александр Косачев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов жарыстардан шеттетілген еді.

Еске салайық, қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің финалы Астанада 3 шілдеде өтеді. Жеңімпаз 150 мың доллар алады және чемпион белбеуін тағып, "Тайтұяқ" жүлдесін алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети