Дзюдоға шет елден көмекші шақырдық

24 Наурыз 2014, 22:53
0
Сурет confederation.kz сайтынан
Сурет confederation.kz сайтынан
Сурет confederation.kz сайтынан
Сурет confederation.kz сайтынан
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына Мәскеу Олимпиадасының қола жүлдегері, көпшілікке танымал Александр Яцкевич кеңесші болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Александр Яцкевич (1958 жылы туған) Мәскеу Олимпиадасында үшінші орын алғанымен қатар, Кеңес Одағының бес дүркін, Еуропаның үш дүркін чемпионы атанған. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері. Өз дәуірінде дзюдо әлеміне танымал балуан болған.

Татамиде белдесуін доғарған соң Бельгия құрамасымен жұмыс жасаған. 2004 жылы Еуропаның үздік балуаны атаныпты. Қазір бірнеше қызметті қатар атқарып жүрген көрінеді. Мысалы, бүгінде ол Латвия дзюдо федерациясының вице-президенті және Халықаралық дзюдо федерациясының сарапшысы екен...

Енді дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасына кеңесші болып отыр. Ол ұлттық құрамамыздың Алматыда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына да қатысыпты. Ұлттық құрамада Ермек Имамбековпен бірге жұмыс жасауды бастап кеткен.

Танымал балуан қазақ дзюдосының тасын өрге домалатып, көсегесін көгерте ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер. «Ұлтық құраманың тізгіні бапкерлік қызметтегі біліктілігімен төрткүл дүниеге мәшһүр болған маманға ұстатылса» деген тілегіміз бар екені рас. Өкінішке қарай, біздің құрама әлі өз бапкерін таппай жүргендей...

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай