13 шілде 2019 09:26

Елдос Сметов моңғол әлем чемпионын жығып, алтын медальға ие болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елдос Сметов. © instagram/smetoveldos Елдос Сметов. © instagram/smetoveldos

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz тілшісі.


Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz тілшісі.

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді.

Осылайша, дзюдодан команда үздігі өз мықтылығын тағы дәлелдеп отыр. Бұл салмақта ел намысын қорғаған тағы бір спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде жеңіліс тапты.

Еске салайық, Ганбат Болдбаатар 2014 жылы әлем чемпионы атанса, Елдос Сметов 2015 жылы әлемдік сында жеңімпаз атанған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети