19 тамыз 2022 09:22

Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы болу мүмкіндігі айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның әкесі Андрей Рыбакин "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында қызының әлемнің бірінші ракеткасы болу мүмкіндігіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта ол допты бәрінен де жақсы береді, бірақ әзірге бұл ештеңе білдірмейді. Егер бұған оның амалсыз қателерді әлдеқайда аз жіберуге тырысатыны қосылса, онда бірінші орын үшін күресуге болады. Мұндай мақсат бар. Біз оған сенеміз", - деді Андрей Рыбакин.

Еске салайық, Елена WTA әлемдік рейтингінде 25-орында және ол АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирде ширек финалға өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети