23 наурыз 2019 | 15:44

Элизабет Тұрсынбаева: Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
olympic.kz olympic.kz

Жапонияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жарыс соңындағы баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Olympic.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жарыс соңындағы баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Olympic.kz тілшісі.

Журналистер қауымы Тұрсынбаеваға төрттік сальховты орындауға қатысты сауал тастаған.

 "Қазіргі қуанышымда шек жоқ. Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды. Осы сәтке дейін бұл элементті таза орындағаныма сене алар емеспін. Таңертеңгі жаттығу сәтімен өтті. Соңғы екі жарыста сальховты орындау барысында қате жібергенімді білесіздер. Міне, бүгін таза орындап шықтым. Мұз айдынына бет алған кезде өзімді керемет сезінгенмін. Сол сезім соңына дейін жоғалған жоқ", - деді Тұрсынбаева.

Еске салсақ, Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан спортының тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Ол Жапонияның Сайтама қаласындағы әлемдік сында жалпы есебі 224.80 ұпай жинап, тұғыр биігіне көтерілді. 

Сондай-ақ, әйелдер арасында төрттік сальховты тұңғыш орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer