16 маусым 2016 | 12:34

Ешкімнің баға беруге құқығы жоқ - Мұхамедиұлы допинг дауы жөнінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпиондарының қанынан допингтің табылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпиондарының қанынан допингтің табылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бекітілген ережелерге сәйкес, Халықаралық олимпиада комитетінің шешіміне спортшылар ғана шағым айта алады. Қазіргі уақытта олар сараптамаларды мұқият зерттеп жатыр, біз өз тарапымыздан заң жүзінде, рухани тұрғыда спортшыларға көмек көрсетеміз. (...) Оларды қорғауға бағытталған барлық аспектілер есепке алынады", - деді министр Сенат отырысынан кейін.

Сонымен қатар, ол спортшылардың мұндай үкімге шағым түсіруінен кейін оңтайлы шешім қабылданған сәттердің болғанын да айта кетті.

"Біз спортшылармен бірге бұл мәселені бақылап отырмыз. Олардың үкімнің өз пайдасына шешілгенін қалайтыны сөзсіз. Жақында ғана Қазақстан чемпионаты өткенін білесіздер, бұл спортшылардың көбі сол сайысқа қатысты. Ешкім олардың құқығын шектей алмайды. Қазір олар сайыстардан уақытша ғана шеттетіліп отыр. (...) Комитеттің шешімінен кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы шешім қабылдайды. Осыдан кейін ғана қай спортшының қандай уақытқа шеттетілгенін айта аламыз. Бұған дейін ешкімнің баға беруге құқығы жоқ", - деді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, осыған дейін Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедованың жарыстардан шеттетілгені белгілі болған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиала комитетімен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен атлеттерге өз заңды құқықтарын қорғауға барлық деңгейде және процесстің барлық кезеңінде құқықтық көмек көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети