Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедова жарыстардан шеттетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедова Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедова

Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыратлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілді. Спортшылардың допинг-сынамаларының қайта тексеруінде олардың қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының чемпиондары, ауыратлеттер Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілді. Спортшылардың допинг-сынамаларының қайта тексеруінде олардың қанында тыйым салынған заттар бар болып шыққан, - деп хабарлайды Vesti.kz Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталыпты.

Дүниежүзілік ауыр атлетика федерациясы қазақстандықтарды Олимпиадада алған медальдарынан айыру мәселесін қарастырады екен.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.

Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.31  course up  610.36  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer