04 маусым 2016 14:10

Қазақстандық бес спортшының қан құрамында допингтің бар екендігі расталды - ҚР ҰОК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kursiv.kz © Kursiv.kz

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) Халықаралық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша "А" допинг сынамалары қайта тексеруден өткізілген спортшылардың арасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасы мен 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан қазақстандық бес спортшыдан алынған сынама күдік тудырғанын мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, қазір Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сәйкес "Б" допинг сынамалары қосымша тексеріліп жатыр.

ҚР ҰОК өкілдері қазір Лозанна (Швейцария) қаласында жүр, сол жерде "Б" допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтіп жатыр. Халықаралық Олимпиадалық комитетінің регламентіне сәйкес, бұл процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды.

"Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады. Ақпарат құралдары таратып жатқан ақпаратты ҚР ҰОК растап немесе жоққа шығара алмайды", - делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпиондары - Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильиннің қанынан допинг табылғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети