02 шілде 2014 | 17:20

Евгений Плющенко 2018 жылғы Олимпиадаға қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Плющенко. ©РИА Новости Евгений Плющенко. ©РИА Новости

Сочи Олимпиадасында дара өнер көрсету кезінде жарыстан өз еркімен бас тартқан мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко 2018 жылы Кореяда өтетін Олимпиадаға қатысуға ниеттеніп отыр, - деп хабарлайды Ura.ru. Бұл туралы ол Сочидегі Ойындарды жария етуге атсалысқан журналистерді марапаттау шарасында мәлімдеді. Сөйтіп, ол өзінің бесінші Олимпиадасына қатыспақшы.

Иконка комментария блок соц сети

Плющенко өзін Олимпиададан бас тартуға мәжбүрлеген жарақатының бүгінде жазылғанын, денсаулығының жақсы екенін айтты. "Сынған нәрсенің бәрі жазылды, енді сынатын ештеңе жоқ. Бесінші Олимпиадада лайықты өнер көрсетуге тырысып бағамыз", - деді мәнерлеп сырғанаушы. Спортшы жуырда Израиль ауруханасында емделген. Дәрігерлер оның омыртқасынан сүйек өсіруге қолданылған бұрандаларды алып тастаған. 

Айта кетейік, Плющенконың Олимпиада кезіндегі жарақаты спорт әлемінде жанжал туғызған болатын. Ресей президенті Владимир Путин мәнерлеп сырғанаушының жарақаты ауыр екенін айтып, оған араша түсті. "Оның денсаулығында, шынымен де, кінәрат бар, ол бірнеше операция жасатқан. Ол командалық біріншілікте өнер көрсетіп, өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті" деген болатын Путин. Ал ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Сочи Олимпиадасына жас Максим Ковтун емес, денсаулығы нашар Евгений Плющенконың барғанына наразылық білдірді. Ол спортшыларға Олимпиадаға екі реттен артық қатысуға тыйым салуды ұсынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети