14 ақпан 2014 16:47

Владимир Жириновский: Екі рет Олимпиадаға қатысты ма, кетсін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЛДПР лидері Владимир Жириновский. ©РИА Новости ЛДПР лидері Владимир Жириновский. ©РИА Новости

Владимир Жириновский Олимпиадаға спортшыларды екі реттен артық қатыстырмау керектігі жайлы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Саясаткердің мұндай мәлімдеме жасауына Сочи Олимпиадасы ойындарында мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламадасында жарақат алған Евгений Плющенконың жайы түрткі болып отыр. Владимир Жириновский Плющенконы Олимпиадаға қатыстыруға шешім шығарған жауапты азаматтарды сынға алды. Сондай-ақ саясаткер Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясының жетекшісі Александр Горшковтың қызметіне қанағаттанбайды. Сондықтан да депутат оны лауазымынан босату туралы ұсыныс жасады. "Біз заңға өзгеріс енгізіп, спортшыларды Олимпиадаға үш-төрт мәрте емес, екі мәрте ғана қатысатындай етуіміз керек. Екі Олимпиадаға қатысты ма, кетсін. Осылай жастарға жол ашып берейік", - деді ол өз сөзінде. Бұл туралы толығымен мына жерден оқи аласыздар. Сондай-ақ, Владимир Жириновский олимпиадашылардың жасына шектеу қою керектігі жайлы да айтқан болатын. Оның сөзіне сүйенсек, спортшылардың жасы 25-тен аспауы қажет. Естеріңізге сала кетейік, Плющенко жарақатына байланысты жарыстан шығып қалып , артынша өзінің спорттық карьерасын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасаған еді. Бұған дейін, жаттығу кезінде спортшының арқасын жаралап алғаны туралы хабарлағанбыз. Қазір Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның екі спортшысы, Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев қатысуда. Олар 2014 жылы 14 ақпанда 21.00-де өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети