26 қараша 2018 09:39

Франциядағы Гран-при кезеңіндегілер Денис Тенді еске алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Францияда мәнерлеп сырғанаудан өткен Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша жарысты тамашалауға барған көрермендер Олимпиада ойындары-2014 қола жүлдегері Денис Тенге құрмет көрсетіп, бір минут қол соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Шара басында Францияның мұз үстіндегі спорт түрлері федерациясының президенті Дидье Гайаге бір минут үнсіздік жариялады, осыдан кейін көрермендер бір минут бойы қол соғып, Тенге құрмет көрсетті.

Internationaux de France сериясының қорытынды кезеңі Гренобльде 1 желтоқсанда аяқталады.

Денис Тен 19 шілдеде Алматыда қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, ол екі адаммен жанжал кезінде жарақат алған, олар автокөліктің айнасын ұрлап жатқан жерінде ұсталып қалып, спортшыны пышақпен жарақаттаған. Бірнеше сағаттан кейін 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети