28 наурыз 2016 | 12:47

Ғабит Тұрсынбек: Мені Қытайда ұлтының мүддесін ойлап кетті деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабит Тұрсынбек. © zhasorken.kz Ғабит Тұрсынбек. © zhasorken.kz

Екі қазақ спортшысының төбелесе алмаған ММА кеші 6 наурызда өтті. Турнир финалында 70 келіге дейінгі категорияда қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Тұрсынбек кездескен еді. Алайда екі спортшы бір-біріне қол көтере алмады. Қытайлық қазақ Ғабит Тұрсынбек осы жайтқа қатысты "Ұлан" газетіне берген сұхбатында ендігі айдағы жекпе-жектерін ұйымдастырушылардың тоқтатып тастағанын хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Екі қазақ спортшысының төбелесе алмаған ММА кеші 6 наурызда өтті. Турнир финалында 70 келіге дейінгі категорияда қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Тұрсынбек кездескен еді. Алайда екі спортшы бір-біріне қол көтере алмады. Қытайлық қазақ Ғабит Тұрсынбек осы жайтқа қатысты "Ұлан" газетіне берген сұхбатында ендігі айдағы жекпе-жектерін ұйымдастырушылардың тоқтатып тастағанын хабарлады. 

"Айбек бауырыммен шаршы алаңда болған жайт біраз халықтың наразылығын тудырса керек. Соған байланысты алдымыздағы айда өтетін жекпе-жектерімді тоқтатты. Ары қарай жекпе-жекке шығармауы мүмкін деген сияқты алыпқашпа əңгімелер де бар. Бірақ, бұның бəрі өз уақытымен шешіледі деп ойлаймын. Алла қаласа, осы у-шудың барлығы басылғаннан кейін, жанкүйерлерімді қайтадан өз өнеріммен қуантамын", - деді Ғабит. 

Сонымен қатар, спортшының айтуынша, Қытайда оны "өзінің жеке басының, ұлтының мүддесін ойлап кетті" деп айыптағандар да табылыпты. Ғабит Тұрсынбек басылым тілшісінің "Қызыл карточка көрсетіп, жарысты тоқтатып тастаған кезде, "Қап, бар мүмкіндігімді аямай пайдалану керек еді" деген өкініш болмады ма?" деген сұрағына былай деп жауап берді: "Жоқ, менде ешқандай да өкініш болған жоқ. Айбек екеуміздің жəне күллі қазақ ұлтының абыройы мен намысының алдында бұл болмашы ғана іс. Тіпті, өкінем деп айтудың өзі ұят. Одан бөлек жекпе-жек барысында Айбек бауырымның да көзінен маған деген бауырмашылдығы, мейірімі төгіліп тұрды. Бауырмашылдығымыздың арқасында бір-бірімізге ауыр əрекеттерімізді істей алмадық. Жарыс біткеннен кейін Айбек қандасымыз екеуміз қол алысып, құшақтастық".

Қытайлық спортшы өзі жайлы толық мәлімет берді. Ол бала кезінен спортқа қызығып өсіпті. Ал спорттың осы түрімен кәсіби түрде 16-17 жасынан бастап шұғылданыпты. Оның айтуынша, алғашқы жекпе-жегін 20 жасында өткізген. "Аллаға шүкір, жеткен жетістіктерім аз емес. Осы уақытқа дейін кəсіби алаңда 18 жекпе-жек өткізіп, соның 15-ін өз пайдама шештім. 2015 жылы Құлжа қаласында халықаралық дүбірлі дода өтті. Сол турнирде 70 келі салмақ дəрежесінде WBK тұжырымы бойынша əлем чемпионы атандым. Бұл менің кəсіби тұрғыда жеткен ең үлкен жетістігім болды" - деді Ғабит Тұрсынбек. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети