Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Галышева жүлдеге іліге ала ма?

07 Ақпан 2014, 18:02
0
Юлия Галышева. Фото: Cameron Spencer/Getty Images Europe
Юлия Галышева. Фото: Cameron Spencer/Getty Images Europe
Сочи Олимпиадасының алауы тұтанбай жатып, қазақстандықтардың ішінен бірінші болып сайысқа түскен Юлия Галышева әзірше 6-орында тұр, дейді Tengrinews.kz.

Фристайдың могул жаттығуындағы електік сын бейсенбі күні түнде өтті. Онда "жүлдеге ілігіп қалуы да ықтимал" деп үміт артқан дүлдүлдеріміздің бірі, яғни Юлия Галышева 6-орынға ие болды. Әрі ақтық сынға тікелей шықты. Ал Дарья Рыбалова 23-орынды қанағат тұтты. Енді оған финалға шығу үшін ертең жартылай финалдық електік сында алтылыққа ілігу керек.

Таратып айтар болсақ, електік сында алғашқы сында ондыққа ілікендер бірден финалға шықты. Қалған алты орынға осы ондыққа ілікпей қалған 16 қыз таласады.

Ал Юлияның алдында – ылғи ығай мен сығайлар. Жүлдеге ілігу – өте қиын. Әйтсе де, үмітімізді үзбейміз. Юлияға сенеміз.

Әзірше көш басында – Америка аруы Ханна Кирни. Ол Ванкувер Олимпиадасының һәм соңғы (2013 жылғы) әлем чемпионы. Ханна ханым бұл жолы да алтынды ешкімге ұстатпайтындай. Сондай-ақ Канаданың апалы-сіңілі қыздары Дюфур-Лапуандар да жүлдеден дәмелі. Хлоясы тіпті дубль могулдан – 2013 жылғы әлем чемпионы.

Бұлардан басқа да әлем чемпионаттары мен әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегерлері жетерлік. Айтпақшы, әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері, Алматыда өткен 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, жапон қызы Мики Ито Сочи Олимпиадасында жарақат алып, могул сайысынан шығып қалды...

Жалпы, могулда төмен құлдырап келе жатып, тұғырдан екі рет секіру керек. Юлия кеше екеуін де жақсы орындады. Әсіресе екіншісінде ауада шыр айналып, көпшілікті сүйсіндірді. Тек сөреден шыққандағы қарқыны қатты болып, кедір-бұдыр жол иірімдерімен төмен құлдырау ырғағына бірден келе алмады. Бірақ бірінші тұғырға жетпей-ақ, бәрін ретіне келтірді. Жылдамдығы аса жоғары болды. Енді кедір-бұдыр жолмен мың бұралып жүйтку техникасына көңіл бөлсе, болды.

Реті келгенде айта кетейік, могулда басты мақсат 300 метрге жуық арақашықтықты тез жүйткіп өту емес. Мұнда жеті төреші спортшының өнерін үш тұрғыдан алып бағалайды: бұрылыстар техникасы, тұғырдан секіру күрделілігі мен оның орындалу сапасы, содан соң уақыт.

Ертең – финал. Көмескілеу болса да, үмітімізді үзбей, Юлияның тілеуін тілейміз.

Могул, әйелдер. Електік сын.
1. Ханна Кирни (АҚШ) – 23.05
2. Хлоя Дюфур-Лапуан (Канада) – 22.64
3. Джастин Дюфур-Лапуан (Канада) – 22.28
4. Илайза Ауттрим (АҚШ) – 21,51
5. Перрин Ляффон (Франция) – 21,34
6. Юлия Галышева (Қазақстан) – 21.17
23. Дарья Рыбалова (Қазақстан) – 16.24

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай