31 желтоқсан 2014 11:58

Геннадий Головкин "Жыл спортшысы" таңдауында Илья Ильиннен озып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sport.mail.ru ©sport.mail.ru

Vesti.kz порталындағы "Жыл спортшысы" таңдауында Геннадий Головкин ауыратлет Илья Ильиннен озып кетті.


Vesti.kz порталындағы "Жыл спортшысы" таңдауында Геннадий Головкин ауыратлет Илья Ильиннен озып кетті.

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы үш мыңнан астам дауыс жинады (жалпы есептің 34 пайызы). Ол Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионынан алты пайызға басым түсті. Үшінші орында тағы бір ауыратлет келе жатыр - Жасұлан Қыдырбаев. Ол 16 пайыз үлес дауыс жинады. 

Дауыс беру қорытындысы мына жерде.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин осы жылы өз титулын үш мәрте сәтті қорғады. Ол Осуману Адама, Дэниэл Гил және Марко Рубионы тізе бүктірді. Айта кетейік, осы үш жекпе-жекте де қазақстандық боксшы нокаутпен жеңді. Ал Ильинге келсек, ол Алматыда өткен әлем чемпионатында өзі үшін жаңа салмақ категориясында алтын медальді жеңіп алып, әлем рекордын орнатты.  

Айтпақшы, порталда әйелдер арасындағы үздік спортшы үшін дауыс беру де болды, онда теннисші Зарина Дияс көш бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети