Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Головкин ақпан айының үздік боксшысы

07 Наурыз 2014, 12:26
0
WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин "Спорт-Экспресс" басылымының нұсқасы бойынша ақпан айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2 ақпан күні Геннадий Головкин Монакода өткен Осуману Адамаға қарсы кездесуінде өзінің чемпиондық атағын сәтті қорғап қалған болатын. Бұл - қазақстандық боксшының шаршы алаңда өткізген 29 кездесудегі 29-ыншы жеңісі еді. Головкин оның 16 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, "Спорт-Экспресс" басылымының нұсқасы бойынша Головкин - Адама кездесуі ақпан айының үздік жекпе-жегі деп те танылған. Ал, ертеректе Головкинге Бүкіл әлемдік бокс ассоциясы (WBA) қаңтар айының үздік боксшысы атағын берген.

Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26 сәуір күні өткізуі керек еді. Бірақ, әкесінің қайтыс болуына байланысты бұл кездесуді кейінге шегерген. Шет елдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол енді келесі кездесуін жазда өткізеді. Оның қарсыласы Хулио Сезар Чавес болуы мүмкін.







Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай