13 наурыз 2019 09:20

Головкин ең танымал спортшылар рейтингіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасы жасаған әлемдегі танымал 100 спортшы рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телеарнасы жасаған әлемдегі танымал 100 спортшы рейтингіне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы 78-орында тұр. Былтырғы рейтингіде ол 61-орында болған еді. Рейтинг спортшылардың сыйақылары мен жарнамалық табыстары, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі танымалдылығы мен Google-да іздеу мөлшері бойынша жасалды.

Рейтингте португалиялық футболшы Криштиану Роналду көш бастап тұр. Америкалық баскетболшы ЛеБрон Джеймс екінші орында келеді. Үздік үштікті аргентиналық футболшы Лионель Месси түйіндеді.

Рейтингінің үздік ондығына енгендер:

4. Неймар (Бразилия, футбол),

5. Конор МакГрегор (Ирландия, ММА),

6. Роджер Федерер (Швейцария, теннис),

7. Вират Кохли (Индия, крикет),

8. Рафаэль Надаль (Испания, теннис),

9. Стефен Карри (АҚШ, баскетбол),

10. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф). 

Боксшылардан ең жоғарғы орын - америкалық Деонтей Уайлдерде. Ол 34-сатыға жайғасқан. Оның британиялық қарсыласы Тайсон Фьюри 39-шы позицияда тұр. Ұлыбританияның тағы бір ауыл салмақтағы боксшысы Энтони Джошуа 63-орында келеді.

Былтыр қыркүйекте Геннадий Головкинді жеңген мексикалық Сауль Альварес 68-ші сатыда тұр. Филиппиндік Мэнни Пакьяо тізімде 83-ші болып тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети