10 мамыр 2014 | 12:50

Головкинмен жекпе-жек үшін Чавеске 7 миллион доллар ұсынылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кіші Хулио Сезар Чавес.  Сурет: boxingtv.ru Кіші Хулио Сезар Чавес. Сурет: boxingtv.ru

"Тop Rank" промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек не үшін өтпейтіндігін түсіндіріп берді, деп жазады Vesti.kz спорт порталы.


Иконка комментария блок соц сети

"Тop Rank" промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек не үшін өтпейтіндігін түсіндіріп берді, деп жазады Vesti.kz спорт порталы.

"Чавеске Головкинмен болатын кездесу үшін 7 миллион доллар көлемінде сыйақы ұсынылды. Одан бөлек егер де ол осыдан кейін тағы бір жекпе-жек өткізіп, жеңілген жағдайда 5 миллион доллар, ал егер жеңген кезде кем дегенде 10 миллион долларды алатын еді. Бірақ, мексикалық боксшы кездесуден бас тартты», - дейді Арум.

Сондай-ақ Боб Арум Головкинмен өткізетін жекпе-жекке төленетін қаржы Чавестің көңілінен шыққандығын, бірақ оның "Top Rank"-пен келісімшарт аясында тағы бір жекпе-жек өткізу міндеттемесі көңілінен шықпағандығын айтты.

Ал, өз кезегінде 28-жастағы мексикалық боксшы бұл жекпе-жек үшін оған аз ақша берілетіндігін айтып отыр."Маған берілетін сыйақы мөлшері мүлде басқа болады деп ойладым. Мен промоутерлерден маған лайықта сомманы бергенін қалаймын. Оның үстіне мен айтарлықтай көп ақша сұрамадым", - дейді Чавес.

Айта кетейік, Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек 19-шілдеде Лос-Анджелесте "Форум" жабық аренасында өтіледі деп жоспарланған еді. Бірақ, енді Хулио Сезардың кездесуден бас тартқандығына байланысты, Головкиннің командасы басқа қарсылас іздестіруде. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, "K2 Promotions" промоутерлік компаниясы бүгінде жаңа қарсылас туралы HBO телеарнасымен келісім жүргізіп жатыр екен.

Еске салайық, соңғы рет Геннадий Головкин шаршы алаңға 2014 жылдың ақпанында шығып, Гана боксшысы Осуману Адаманы жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші, алтыншы және жетінші раундта нокдаундқа түсірген. Ал соңғы нокдауннан кейін төреші кездесуді уақытынан бұрын тоқтақтан болатын

Содан кейін Головкин шаршы алаңға 26 сәуір күні шығуы керек еді. Бірақ әкесінің қайтыс болуына байланысты Геннадий ол кездесуге шығудан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети