Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкиннің командасы Чавестің жауабын ұзақ күтпейді

02 Мамыр 2014, 17:56
0
Леффлер, Головкин және Санчес. Сурет: ightnews.com
Леффлер, Головкин және Санчес. Сурет: ightnews.com

 WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасы кіші Хулио Сезар Чавестің жауабын ұзақ күтпейді. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер айтты.

Екі жақ бұл кездесу туралы келіссөздерді бір ай бұрын бастаған болатын. Бірақ, бұл келіссөздер Top Rank компаниясымен келісімшартын ұзартуға қарсылық білдіріп жатқан  мексикалық боксшыға байланысты тоқтатылып қалды. 

Алайда, кейіннен 28 жастағы Чавес кездесуге келісім берген еді. Дегенмен, ол шаршы алаңға шығу үшін шарт қойып отыр. Чавестің шарты бойынша, Top Rank компаниясымен арадағы келісім автоматты түрде ұзартылмауы тиіс. Оның сөзіне қарағанда, ол ерікті агент болуды қалайды.

Леффлердің айтуынша, егер мексикалық боксшы келісімге қол қойса, онда "тамаша" болар еді. Бірақ, Чавес келіспей жатса, Головкиннің командасы басқа қарсылас табады. Промоутердің мәліметіне жүгінсек, K2 Promotions промоутерлік компаниясы бүгінде жаңа қарсылас туралы HBO телеарнасымен келісім жүргізіп жатыр екен. 

"Бір ай бұрын біз Боб Аруммен екі таратың шарттары туралы келісімге келдік. Сол кезде біз жекпе-жек үшін қарсыласқа біршама жеңілдік жасадық. Бірақ, шартнамаға әлі қол қоймадық. Мен бұл кездесу үшін Чавеске нақты қанша ақша ұсынылғанын білмеймін. Бірақ, аз ақша емес екені белгілі", дейді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек 19-шілдеде Лос-Анджелесте "Форум" жабық аренасында өтіледі деп жоспарлануда. 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай