Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Кіші Чавес Головкинмен жұдырықтасуға келісім берді

30 Сәуір 2014, 10:09
0
thaboxingvoice.com сайтының коллажы
thaboxingvoice.com сайтының коллажы

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавес WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға келісім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Алайда, 28 жастағы мексикалық 32 жастағы қазақстандықпен рингке шығу үшін шарт қойып отыр. Чавестің шарты бойынша, Top Rank компаниясымен арадағы келісім автоматты түрде ұзартылмауы тиіс. Оның сөзіне қарағанда, ол ерікті агент болуды қалайды.

"Олар келісімді ұзартқысы келеді, бірақ мен олай етуге қарсымын. Мен жекпе-жекке шығуға келісемін, бірақ одан кейін ерікті агент болуды қалаймын. Мен онымен қандай да бір ұзартусыз жұдырықтасамын. Мен, өзіме әділ қарым-қатынас жасалуын қалаймын", - дейді Чавес.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен кіші Чавес бірнеше апта бойы келісім жүргізген. Бұған дейін мексикалық Top Rank компаниясымен арадағы келісімнің ұзартылуына және төмен гонарарға қарсы болып, келісімге келмей жүрген болатын. Соңынан мексикалық боксшы промоутерлік компания тарапынан жасалған жаңа ұсыныстарды қабыл алып, келісімді қайта жалғастырған еді. Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек 19-шілдеде Лос-Анджелесте "Форум" жабық аренасында өтуі тиіс.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай