Хабиб Нурмагомедов 9 айға шеттетілді

30 Қаңтар, 09:21
0
Хабиб Нурмагомедов 9 айға шеттетілді - ©REUTERS
©REUTERS

Невада штатының Атлеттер комиссиясы 29 қаңтардағы отырысында UFC файтері Хабиб Нурмагомедовке қатысты UFC 229 турниріндегі жанжал бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда"

Ресейлік спортшы тоғыз айға дисквалификацияланды, оның үстіне 500 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттеді.

Ал егер Нурмагомедов арнайы "бұзақылыққа қарсы" үндеу жасаса шеттету мерзімі үш айға қысқаруы мүмкін екен. 

Ал Конор МакГрегор жарты жылға шеттетілді. Невада штатының Атлеттер комиссиясының шешімі бойынша ол 50 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді. 

"Саясат мәңгілік", - деп жазды ағылшын тілінде Нурмагомедов Twitter желісінде NSAC шешімінен кейін. 

Нурмагомедов пен пен МакГрегордың кездесуі 6 қазанда Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінің басты оқиғасы болған. Ресейлік ирландиялықты төртінші раундта қылғындырып, берілуге мәжбүр еткен, осылайша ол өз титулын қорғап қалды.

Ал кездесу аяқтала сала Нурмагомедов октагон қоршауынан секіріп өтіп, МакГрегордың спарринг-серіктесіне жұдырық ала жүгірген, мұның арты спортшылардың командаларының арасындағы жаппай төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан ресейлік октагоннан белбеусіз кетті, ал жеңісі үшін берілуі тиіс болған 2 миллион доллар гонорары кейінге қалған.

Уалихан Қосанбай

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай