30 қазан 2020 09:56

Хабиб Нурмагомедов октагонға оралуы мүмкін - UFC басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

UFC басшысы Дэйна Уайт ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов октагонға қайта оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru cайтына сілтеме жасап.


UFC басшысы Дэйна Уайт ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов октагонға қайта оралуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru cайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дэйна Уайт CBS Sports Radio эфирінде айтты.

"Мен Хабибпен сөйлестім. Ол соңғы жекпе-жегінде жеңіске жеткен сәтте көңіл-күйге ерік берді. Менің ойымша, ол 30-жеңісіне қол жеткізу үшін оралады. Ол біржола кетті деп ойламаймын. Оның әкесі 30-0 болғанын қалаған еді. Менің ойымша, Хабиб әкесінің тілегін орындауы үшін оралуы мүмкін", - дейді Уайт.

"Нағыз феномен". Хабиб Нурмагомедов қалай танылды?

Айта кетейік, спортшының 57 жастағы әкесі Абдулманап Нурмагомедов 3 шілдеде қайтыс болған еді. Ол осы жылдың сәуірінде ауруханаға жатқызылды. Оған коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылды. Кейін ол коронавирустан айыққанымен, ауруы асқынып, көз жұмды.

24 қазанда Нурмагомедов америкалық спортшы Джастин Гэтжиге қарсы жұрдырықтасып, 29-жекпе-жегінде жеңіске жетті. Осылайша, ол чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Кейін ол UFC-ден кететінін мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети