02 мамыр 2019 10:57

Хоккейден әлем біріншілігінде Қазақстан үшін маңызды ойын - ҰОК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы үшін маңызды ойын болмақ, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

"Осы турнир аясында Қазақстан, Беларусь және Оңтүстік Корея құрамалары екі ойында жеңіске жетіп, алты ұпаймен турнирлік кесте алда келе жатыр. Өзгерістер бүгін болуы мүмкін. Төртінші ойын күнінің орталық матчында мұз айдын иелері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. Осы ойында жеңіске жеткен команда келер жылы үздік дивизионда өнер көрсетуге бір табан жақындай түседі. Беларусь құрамасы осы турнирде екі рет жеңілген Словения командасымен ойнайды", - делінген хабарламада. 

12:30 - Литва - Венгрия

16:00 - Беларусь - Словения

19:30 - Оңтүстік Корея - Қазақстан

Кездесулер тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. 

Кешкі ойынға жанкүйерлер үшін "Барыс Аренаға" дейін арнайы автобустар ұйымдастырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети