12 қыркүйек 2021 11:41

Холифилд UFC-дің бұрынғы чемпионынан техникалық нокаутпен жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Getty Images Фото: ©Getty Images

Әлемнің экс-абсолют чемпионы Эвандер Холифилд UFC-дің бұрынғы чемпионы Витор Белфорттан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Әлемнің экс-абсолют чемпионы Эвандер Холифилд UFC-дің бұрынғы чемпионы Витор Белфорттан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Голливудтағы (АҚШ) Triller Fight Club кеші бокс ережесімен өтті. Бірінші раундта Белфорт аты аңызға айналған былғары қолғап шеберін алдымен нокдаунға түсірді. Артынша төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Еске салайық, жоспар бойынша Витор Белфортпен Оскар де ла Хойя кездесуі тиіс болған. Ал Холифилд болса, Кевин Макбрайдпен рингте қолғап түйістіруі керек еді. Алайда Холифилд - Макбрайд жекпе-жегі өтпейтіні белгілі болды. Оның үстіне де ла Хойя коронавирус жұқтырғандықтан, Холифилд күтпеген жерден UFC өкілімен жұдырықтасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети