Илья Ильин қазақстандықтарға алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин қазақстандықтарға алғыс айтты © Instagram

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайырлы таң, Қазақстан! Кеше отандастарымның қолдауын сезіндім, пікірлердің 99,9 пайызы жағымды. Осы үшін Сіздерге алғыс айтамын! АЛҒА ҚАЗАҚСТАН!", - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Осыған дейін Илья Ильин Рио Олимпиадасына дайындалып жатқанын, соңына дейін күресетінін айтқан еді.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.

Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети