Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Илья Ильин допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

16 Маусым 2016, 13:07
3

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, қазақстандық ауыратлет Илья Ильин допинг дауына қарамастан Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Олимпиада чемпиондары Ильин, Чиншанло, Манеза және Подобедовалардың жарыстардан шеттетілгені белгілі болған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған.

"Келіп түскен хабар төбемнен жай түскендей болды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесі бойынша, мен жайлы барлық мәлімет ADAMS халықаралық жүйесінде, онда менің әрбір күнім сағатына дейін жазылған, қайда болғаным, жаттығудамын ба, демалыстамын ба, барлығы бар. Мен әрдайым ашықпын және Антидопинг Агенттігінің бақылаушыларына ашықпын және биыл допинг-сынақтан екі рет өттім, Польшада және Алматыда", - деді ол.

"Өздеріңіз білетіндей, ешбір халықаралық старт допинг-бақылаусыз өтпейді. Мен де барлық спортшы секілді 2004 жылдан бері допинг-сынақтардан өтіп келемін. Нәтижесінде қанымнан тыйым салынған ештеңе табылмай келді. Мен Рио Олимпиадасына дайындалып жатырмын және соңына дейін баруға ниеттімін. Спорт басшылығы процесске барынша кірісті, меніңше, маусымның соңында нәтижесі белгілі болады. Шілде айының ортасына дейін уақытым бар, осы уақыттың ішінде Олимпиадаға қатысуға өтініш беріп үлгеруім керек", - деді Ильин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, барлық айыптаулардың ойдан құралғанын дәлелдеуге болады.

"Маған қатысты қандай шешім шығып жатса да, өмірімнің 20 жылға жуық уақытын мен спорт залында өткіздім, жаным мен қаным шыққанша, күніне үш реттен жаттықтым, осыны білсеңіздер екен. Мен әрқашан елімнің, халқымның сенімін арқалап жүргенімді сездім және тек жеңіс үшін күрестім. Осы жылдар бойы қуанышта да, қайғыда да мені барлығы қолдады. Осы сәтте де сіздердің қолдауларыңызды күтемін. Құрметпен Илья Ильин", - деп жазды Instagram желісінде Ильин.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.

Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай