08 маусым 2016 12:20

Ильинге менің мансап жолымды аяқтауға ешкім құқық берген жоқ - Владимир Седов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Седов. © Vesti.kz Владимир Седов. © Vesti.kz

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов мансабындағы сәтсіздікке екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинді кінәлі деп есептейді. Бұл туралы Седов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов мансабындағы сәтсіздікке екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинді кінәлі деп есептейді. Бұл туралы Седов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Владимир Седовтың марапатталып жатқаны түсірілген суреттің астына ол "Илья Ильиннің менің спорттық мансабымды аяқтауға құқы жоқ еді!", - деп жазды.

Дегенмен Седов Ильиннің нақты қандай әрекетпен мансабына нұқсан келтіргенін айтқан жоқ. 

Сонымен қатар, ауыратлет Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты кезінде көрсеткен әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Еске салайық, Седов 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуі керек болған. Дегенмен, ол помостқа шығып, штанганы көтермейді. Мұның орнына ол жейдесін шешіп, қолында шайқап тұрып, "Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!" деп айғайлайды. Кейін спортшы сыртқа шығып кетеді. Алайда Седов бұдан кейін қайта шығып, жейдесін алып, көрермендерге лақтырды.

Айта кетейік, Седов киіп шыққан жейдеде ресейлік ауыратлет Александр Ивановтың суреті бар екен. Ол Лондондағы Олимпиада-2012-де қазақстандық Илья Ильиннен жеңіліп, екінші орын алған болатын. Ел біріншілігінің фавориті (94 келіге дейінгі тұжырым) турнирге қатысудан осылайша бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети