Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті

21 Маусым 2016, 09:02
2

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті. Мұны Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) растап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ильинмен қатар, 2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы сынамаларды қайта тексергеннен кейін тыйым салынған заттардың тағы бес атлеттің қанында бар екені белгілі болды: әзірбайжандық Интигам Заиров, Молдавия өкілі Александр Дудогло, армян Рипсима Хуршудян, түрік Нурджан Тайлан және ресейлік Марина Шаинова мен Надежда Евстюхина. Бұл спортшылар жарыстардан уақытша шеттетілді.

Айта кетейік, Илья Ильин Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиала ойындарында 94 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай